МЕКЕМЕ ҚЫЗМЕТТЕРІ

КЕШЕНДІ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ

КЕШЕНДІ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ

ӨНЕРКӘСІПТІК КӘСІПОРЫНДАР МЕН ЖЫЛЖЫМАЙТЫН МҮЛІКТІК ІРІ КОММЕРЦИЯЛЫҚ ОБЪЕКТІЛЕРГЕ КЕШЕНДІ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ

WORLD MONITORING компаниясы өнеркәсіптік орындар мен жылжымайтын мүліктік ірі коммерциялы объектілерден бастап кез келген типтегі жайларды кәсіби кешенді тазалау бойынша қызмет көрсетуді  ұсынады.

  • Офистік жайларды тазалау
  • Өндірістік орындарды тазалау
  • Жинау, қабылдау полигондарында тұрмыстық қатты қоқыстарды орналастыру үшін арнайыландырылған транспортпен шығару
  • Жуу, кептіру, үтіктеу (құрамында  БАЗ төмен СЖҚ пайдалану арқылы )
  • Жайларды дератизациялау  
  • Жайларды дезинсекциялау
  • Тазалау және арамшөптерді жұлу. Гербицидтар себу
  • Біржылдық өсімдіктерді отырғызу
  • Гүлзарларға күтім жасау, су құю, тазалау, шабу
  • Ағаштарға күтім жасау, арамшөптерді жұлу, құрғақ шөптерден арылту, су құю, құнарландыру
  • Бұталарға күтім жасау, арамшөптерден тазарту, құрғақ шөптерден арылту, қию, су құю, құнарландыру
  • Объектіні қажетті санитарлық жағдайда ұстау

        Біздің компания жұмысының негізгі принциптері 

Серіктестік принципі.

    Бізді ұзақ  уақытқа серіктестік қатынаста болу қызықтырады. Біз көрсететін қызметіміздің кемел жолында  тиімді шешімдерді табу үшін ардайым максималды күш жұмсаймыз.

Жобалау принципі.

     Біз өзіміздің клиенттерімізге клинингтік қызмет көрсетудің максималды пакетін алуға мүмкіндік бере отырып, қандай жағдайда өзіңіздің тұрақты жинастыру жұмыстарыңыздың шығындарын азайтуға болатынын айтамыз. 

Қызметтеріміздің сапасы.

     WORLD MONITORING мекемесі өзінің және клиенттерінің беделдеріне көп көңіл бөледі, сондықтан ол бір реттік толық тазалау жұмысы немесе жайларға бір жылдық келісім-шарт  бойынша клинингтік тазалау талаптарын  орындау кезінде  клинингтік қызметте мұқияттылық танытуға кепілдік береді.  WORLD MONITORING  компаниясы өз жұмысында тек қана жаңа және заманауи құрылғыларды қолданады. Ол өз кезегінде әйнек жуу немесе толық тазалау жұмысы болса да, біздің клиенттердің жұмыс сапасына сенімді болуына және күтпеген жағдайлардың орын алмауына қол жеткізеді. Көпжылдық жұмыс тәжірибесі, кәсіби клинингтің тексерілген технологиялары және тапсырыс берушілермен  дара тіл табу  біздің клиенттерге WORLD MONITORING ұжымы көрсететін қызметтердің міндетті және жауапты болуына сенімділігін қамтамасыз етеді

Аутсорсингтегі тазалау жұмыстары.

     Жайларды тазалаудың міндеттерін аутсорсингтің игілігіне бере отырып біз сіздің шешім қабылдауыңызда  көмек көрсетуге тырысамыз және шеттегі клинингтік мекеменің пайдасына бірнеше дәлелдер келтіреміз. 

WORLD MONITORIING-пен тазалау жұмыстарын басқару бойынша ынтымақтастықта болу біздің Клинеттерге келесідей мүмкіндіктер береді:

Бизнесті басқарудың маңызды даму аспектілерінде негізгі жігерлерді тоғыстыру.  Сіздің фирмаңызға профилді емес функцияларды: күнделікті тазалау, терезе жуу, күрделі толық тазалау, жөндеу жұмыстарынан кейінгі тазалау жұмыстарын өз мойнымызға аламыз.

Клинингтік қызметте көрсетілетін жұмыстардың толық бақылауын және айқындығын сақтай отырып, толық тазалау жұмыстары, жөндеу жұмыстарынан кейінгі тазалау және кәсіби клинингтар сынды қосымша функцияларды басқаруда шығындар деңгейін төмендету.

 Бізің компания іздестіру, таңдау, қызметшілер тобын оқыту және рәсімдеуде қоса жүретін қаржылық шығындарды, іс-қағаздарының айналымын, кәсіби клинингке қажетті құралдарды, арнайы киімдер мен шығындық материалдарды алуды, барлық міндеттерді  өз құзырына алады.

 Басқару тәуекелділігін азайту.  

WORLD MONITORING  компаниясы тазалау процессін басқаруды толықтай өзіне алады.  Бірнеше жыл қолданылған тазалау фукнцияларын басқарудың схемасы кеш қалу, демалысқа шығу, ауыру және т.б. «адами факторлар» себеп болған міндеттердің орындалмауындағы кез келген мүмкіндікті шеттетеді. Біздің компания өзінің клиенттеріне үлкен тәжірибе арқылы негізделген және жұмыс жүргізудің технологиялары  өтелген  үлкен кәсіби клининг жүргізуге кепілдік береді.

 

Кейтеринг (корпоративті және индустриалды тамақтану)

Ірі өнеркәсіптер қызметшілерінің копоративті тамақтануын ұйымдастыру «WORLD MONITORING» ұсынған тағы бір бағыт.

Өнеркәсіптердегі қызметшілерді тамақтандыруды ұйымдастырудың сауаттылығы – бұл олардың жұмыстары нәтижелі болуының, қызметшілер арасында жайлы атмосфераның қалыптасуының және жалпы өнеркәсіптің, басшылықтың қанағаттануы деңгейінің көтерілуінің  кепілі. Дәл осы себеппен қазіргі компаниялардың көпшілігі кейтерингтік мекемеге корпоративтік тамақтануға тапсырыс береді.

Біз қызмет көрсетуші персоналды таңдау мен оқытуға үлкен көңіл бөлеміз. Барлық қызметкерлер гигиена стандарттары бойынша тағамтану қауіпсіздігінен өтеді. Сонымен қатар, барлық қызмет түрлері мен деңгейлеріндегі кәсіптік білімді арттыру үшін жұмыс орнындағы тренингтерді алады. 

 

 

 

 

Аутсорсинг және аутстаффинг

«WORLD MONITORING» ұсынып отырған аутстаффинг  – бұл бизнес процесін оңтайландырудағы нәтижелі құрал.

Бүгін де көптеген шет елдік және отандық ірі мекемелер аутстаффингге жүгінеді.

 Бұл - қызмет, бөлім немесе функциялары емес жеке қызметші топтың, яғни лауазымы бір жұмысшылардың қызмет қорытындысы. Аутстаффинг – жапондық менеджменттің ойлап тапқан жаңалығы деп саналу себебі, Жапония компанияларында  штаттық есептегі барлық жұмысшылар саны жалпының үштен бірін ғана құрайды. Аутстаффингтің тәжірибесі батыс елдерінде кең таралып қана қоймай, қолданысқа енгеніне бірнеше онжылдық өтті.

Аутстаффинг қызметінің қысқаша сипаттамасы

Аутстаффинг, еске саламыз, — бұл қызметшілерді мекеме штатынан шығару. Аутстаффинг кезінде қызметші еңбек шартын фактілі жұмыс беруші фирмамен емес, ортадағы ұйым, яғни аустаффермен жасасады.

Аутстаффер өз кезегінде еңбекақы, салық төлемдері, еңбек заңдылықтарын орындау (жұмысқа қабылдау, жұмыстан шығару, т.с.с) міндеттерін өз мойнына алады. Сонымен қатар, қызметші жұмысын тікейлей фактілі тапсырыс беруші мекеме үшін жасайды. «WORLD MONITORING» мекемесі аутстаффинг қолданысында қиын әрі  кешенді HR-фунцияларда оңтайлы шешімдер қабылдауды  ұсынады. Қазіргі таңда нарықта өздерінің позицияларын сақтап қалу үшін  компаниялар көп уақытқа жоспар ұйымдастырып оны іске асыруды басқара отырып, бәсекеге қабілеттілігін арттыруы керек.

 «WORLD MONITORING»  компаниясы біздің тапсырыс берушілерді НR қызметі маңында жұмыс атқарудан босатуға, өзінің стратегиялық жоспарларын жүзеге асырумен қатар максималды тиімді даму үшін мүмкіндік беруге талпынады.

Біздің мекеме қызметіне жүгінсе, Клиент келесідей мүмкіндіктерге ие болады:

  • Қызметшілер алдындағы заңды жауапкершіліктен босайды
  • Жұмысшылармен туындаған дауларды шешу міндеттерінен босайды
  • Жұмыста туындаған мәжбүрліктен алыстайды
  • Қызметкерлерді сақтандыру және басқа да жағдайлардың пайда болу қауіпі төмендейді
  • Мекеменің әкімшілік және қаржылық жүктемелері төмендейді
  • Өнеркәсіптің кадрлық қызметіндегі жүктеме төмендейді
  • Өнеркәсіптің есептік бөлім қызметіндегі жүктеме төмендейді
  •  Штаттық тізімдегі жұмысшылар саны азаяды
  • Қызметкерді жұмыстан шығару кезіндегі шығындарды алып тастау немесе төмендету  
  • Өтемдік пакет пен тренингтердің шығынын оңтайландыру
  • Еңбекақыны есептеу мен төлеу кезіндегі шығындарды жою
  • Бизнестің шынайы көлеміне сәйкес қызметшілер санын оңтайланыру
  • Қызметшілер таңдау шығындарын жою
  • Жаңа жұмысшыларды олармен еңбек қатынасын рәсімдеусіз сынақтан өткізу

Біз ең тиімді  шарттарды ұсынуға дайынбыз.

БІЗДІҢ СЕРІКТЕСТЕР

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС